Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылдың 14 қазанында онлайн режимде «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық онлайн режимдегі конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру. Біздің мектебіміздің 10 сынып оқушысы Каримов Алишер «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды.Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Немеренко З.Б. Ұжым атынан үлкен шығармашылық табыс тілейміз!