"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
                                          КГУ"Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования                                                                   по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат!

18.03.2026

   Қайырлы күн, Құрметті ата-аналар Смагулова Рауза Назымбековна №8 жалпы орта білім беретін мектеп директоры сіздердің назарларыңызға  «1 сыныпқа қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ұсынады.

      30 наурыздағы  № 2-20-6/2297-И  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттарды қабылдаудың пилоттық жобасына сәйкес 2026 – 2027 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар І кезең: 10 маусым – 17 маусым, ІІ кезең 11 шілде – 31 тамыз аралығында қабылданады.

   Білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады (ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша) ; Баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады:

  1. ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
  2.  "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
  3. баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті. (2дана)

Біздің мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткен. Мектеп 2 қабаттан тұрады, бір ауысымда жұмыс жасайды Мектептің іші жылы, кабинеттер жаңа жиһаздармен жабдықталған. Кабинеттерінің көлемі  СанПин нормаға сай. Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Мектепте Инклюзивті қолдау кабинеті бар, логопед-дефектолог, психолог мамандары жұмыс жасайды.

   Білікті білімді педагогтар еңбек етеді. Осы жазда «Қазақстан халқына» қоры біздің мектепті толығымен жаңа жиһаздармен қамтамасыз етіп, жайлы мектеп бойынша жабдықтауды аяқтады.2026 жылғы 10 маусымнан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды.

   Оқыту тілі-қазақ  тілі. Бірінші сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

1)"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;

2)көрсетілетін қызметті берушіде (мектепте).

Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министірлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб порталы арқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды;

Микроучаскіге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған, сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады, білім беру ұйымымен келісімшарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім білім беру ұйымымен келісім шартқа отыруға танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді, Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады). Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, талап етуге тыйым салынғаның хабарлаймыз.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті. (2дана)

2026 жылдың 10 маусымнан - 17 маусымға (І кезең), 11 шілдеден 31 тамызға (ІІ кезең) дейін құжаттар қабылданады

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліспен   13.00-ден  14.00-ге дейін.

2) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

   Сонымен қатар мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады. 

Мемлекеттік тілді мектептерде дамыту керек.  1 сынып оқушыларын сапалы білім алуға шақырамыз!

   Сұрақтарыңыз болса қоюға болады. Біздің мекен-жайымыз: Атбасар қаласы, Кошанбаев көшесі 94, телефон: 8-716-43-25-5-68

 

 

Просмотров: 1103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст