"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
                                          КГУ"Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования                                                                   по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Абайлаңыз, балалар!" акциясы

25.08.2026

1 қыркүйек қарсаңында балалар қауіпсіздігін арттыру мақсатында жолдарда бақылау дәстүрлі түрде күшейтіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалар жарақатын болдырмауға ерекше назар аударылады. Іс-шараларға мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысып жатыр.

"Абайлаңыз, балалар!" акциясы басталды. Оның негізгі мақсаты - жол қозғалысының ең осал қатысушылары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Оқу жылы қарсаңында мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің маңында бақылау күшейтіледі. Біздің басты міндетіміз - жолдардағы балалар қауіпсіздігі. Жүргізушілер жылдамдық режимі мен жол жүру ережелерін сақтау, ең бастысы, рөлде отырғанда қырағылық танытып, жолға балалардың кенеттен шығып қалуына дайын болу - балаларымыздың өмірін сақтаудың кепілі екенін есте ұстауы тиіс", - деп атап өтті ІІМ-дегілер.

Жаяу жүргіншілер өтпелерінің, жол белгілері мен таңбаларының жай-күйі бақыланып отыр. Сондай-ақ мектеп автобустары мен балаларды тасымалдау кезіндегі ережелердің сақталуы тексеріліп жатыр.     ІІМ ата-аналарды балаларына мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік ережелерін еске салуға шақырды

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст