“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” — деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі қазіргі уақытта да өз маңызын жойған жоқ. Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Сүйікті іспен айналысу өнімді еңбекке әкеліп, зор забыстың кепіліне, бақыттың кілтіне айналады. ХХІ ғасыр мамандық таңдауда қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Баланың болашақ кәсібін дұрыс таңдауы өте күрделі мәселелердің бірі. Осы орайда отбасының, білім мекемелерінің, қоршаған ортаның маңызы зор. Ата-аналар, ең алдымен, өздері таңдаған мамандықтарымен, ерен еңбек жолымен өскелең ұрпаққа үлгі болса, нұр үстіне нұр. «Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ бойынша 2020-2021 оқу жылында жүргізілген мына зерттеу жұмысына назар аударуларыңызды сұраймын.
Бүгінгі таңда мектепте 353 оқушы білім алуда. Жалпы ата-аналардың саны 626-ны құрайды. Оның ішінде 501 ата-ана жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі көлік және байланыс, саласында еңбектенуде және жұмысшы мамандықтарды таңдағандардың саны көп. Жыл сайын ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген жеке кәсібімен айналысатын ата-аналардың қатары қарқынды көбеюде. Құрылыс-материалдық өндірісте, білім беру саласында өрт сөндіру бөлімінде, денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүргендердің қатары аз емес.
Біз, ата – аналар, балаларымыздың мамандық таңдауына көмектескіміз келсе, мына кеңестерге назар аударуымыз тиіс:
Сонымен қоса, егер бала қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оны сол саламен байланысты үйірмелерге апарып, әр түрлі әдістердің көмегімен қызығушылығын сақтауға мүмкіндік тудыру керек. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Сондықтан да балаларымыздың мамандық таңдаудан жаңылмағаны маңызды, ал оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету - біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Дайындаған ТЖО Искакова А.А.