«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп ұсынады.
1. Жалпы ережелер
Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ.
Заңды мекен-жайы:Атбасар қаласы,Х.Қошанбаева көшесі 94.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:№8жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылға 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (1-10-11)»
2) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін ұйымдарына ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
3) «Педагогтерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттары»;
4)«Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
5)«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету».
6)«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
7)«Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»
8)«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау»
9)«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
10)«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
11)«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныбына құжаттарды қабылдау»;
2. 2025 жылы №8 жалпы орта білім беретін мектеп тарапынан 106 қызмет көрсетілді:
1)«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (1 сыныпқа қабылдау)-28 қызмет, (10 сыныпқа қабылдау)- 11 қызмет «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет саны–27; Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –12
2) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін ұйымдарына ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» қызмет саны – 24 «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет саны–11; Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –13
3) «Педагогтерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттары» қызмет саны - 2 «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет саны–2
4) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» қызмет саны – 8. Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –8
5) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қызмет саны – 2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген –1; «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет саны–1
6)«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныбына құжаттарды қабылдау» қызмет саны – 25. Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –31
3. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімді орындар туралы мәліметтер қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми интернет-ресурсында орналастырылған: http://sc0008.atbasar.aqmoedu.kz/ бөлімінде «Мемлекеттік қызметтер» деген тақырыпта мемлекеттік қызмет көрсету ережелері берілген. Сонымен қатар, барлық ведомстволық ұйымдарда ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызмет ережелері ілінген. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары да жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталы арқылы жүргізіледі.
4.Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандары: № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және № 026/у-3 нысан
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.