САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отаныма деген менің бастамам»

05.03.2018

«Рухани жаңғыру» мақала – бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Отаныма деген менің бастамам» атты аудандық шығармашылық жобалар байқауы 2018 жылғы 3 наурызда біздің  №8 орта мектебінде өтті. Байқаудың  «Жаңғырту полюсі», «Киіз үй – ғаламның моделі» атты номинацияларында  аудан мектептерінің 14 оқушысы қатысты. Байқауды өткізудегі мақсат: оқушылардың бастамаларын дамытуға ықпал ету. Сондай – ақ, ұлттық мұраларымызды жаңғыртуға, және сақтауға, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау. Міне, осы тұрғыда жоғарыда аталған номинациялар бойынша байқауда бақ сынаған оқушылар өздерінің шығармашылық жобаларын қорғап төрешілердің көңілінен шығып бақты. 7 «а» сынып оқушысы Жабай Жанбота өз жобасын(жетекшісі Қазымбек И.К.) жоғары деңгейде қорғап шықты.

Сайыс соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. байқауда бақ сынаған оқушыларды құттықтап сөз сөйлеп, мақтау қағаздарын табыстады.

Просмотров: 667


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст