САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Атбасар ауданының білім бөлімі мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ-де Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаев өз баяндамасында облыстың 20 тірек мектебін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі көзделіп отырғанын айтып өткен болатын сол жоспарды жүзеге асыру мақсатында, біздің тірек мектебімізге облыстық бюджеттен жаңа модификациядағы химия, физика кабинеттеріне, робототехникаға, көркем әдебиеттерге қаржы бөлінді.

16.06.2020

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік Бағдарламасын, Ақмола облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму Бағдарламасының шағын жинақталған мектептердің проблемаларын шешуге қатысты бөлігін жүзеге асыру аясында, «Атбасар ауданының білім бөлімі мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ-де тірек орталығы 2012 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Тірек орталығына ауылдық шағын жинақталған мектептері (Адыр НМ, Сепе ОМ, Есенкелді ОМ) бекітілді. Осы жылдар ішінде тірек орталығымыз әртүрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

2019 жылдың тамыз конференциясында Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаев өз баяндамасында облыстың 20 тірек мектебін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі көзделіп отырғанын айтып өткен болатын. Сол жоспарды жүзеге асыру мақсатында, біздің тірек мектебімізге облыстық бюджеттен жаңа модификациядағы химия, физика кабинеттеріне, робототехникаға, көркем әдебиеттерге қаржы бөлінді. Осындай жоспарлардың орындалуы мұғалімдер мен оқушылардың білімдерін жетілдіру үдерісінің тиімділігін арттырады. Ұстаздар үшін оқытудың жеке түрлері, әдіс-тәсілдерінің де жүйелілігі мен қосымша білім алуға және пайдалануға берер көмегі зор. Әр балаға оның мүддесі мен қажеттілігіне қарай, өз мүмкіндігін іске асыру және өз дербестігін қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст