Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары: алдымен, санитарлық тазалықты сақтау міндеттіміз. Ол үшін үнемі даладан келе сала, қолдарымызды, бетімізді жуып, аузымызды шайып, үйімізді дезинфекциялауымыз керек. Көпшілік жиылған жерлерде жиі жүрмеуіміз керек.
Ең бастысы, дүрбелең туғызбауымыз керек. Өйткені мемлекетіміз бізді толық азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Тек суды көбірек ішіп, тамағымызды жеп, өз-өзімізге зейін болайық, денсаулығымызды сақтайық.
Бос уақытымызды босқа өткізбей, жаңалықтарды бақылап, еліміздің жағдайын біліп отыруымыз керек. Кітаптарды көбірек оқып, сабағымызға қарап, өз-өзімізді түрлі салалардан дамытуымыз керек. Сонымен қатар, әртүрлі шараларға, жағдайларға дайын болып, мемлекетіміз осындай қиын жағдайдан шығатынына, коронавирус инфекциясын жеңетініне кәміл сенейік. Халқымыз аман, еліміз тиыш болсын!