Текст
Мектебімізде бүгін , яғни 3-ақпан " Махаббат пен шығармашылық педагогикасы " онкүндігінің ашылуына орай таңертеңгілік ерекше көңіл -күйде линейка өтті. Мектеп ұстаздарын, оқушыларын, ата-аналарын жүректен-жүрекке лебізімен қарсы алып, әсем әуенмен сазды әнмен көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар апталық жоспарымен таныстырылып, мектеп директоры Смагулова Рауза Назымбековна апталық ашылуына өз лебізін білдірді.