САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілім менің ғасырлардан аманат

15.09.2017

Қыркүйек айының 13-ші жұлдызы күні Атбасар қаласы №8 орта мектеп шаңырағында ҚР Тілдер күні мерекесі аясында 10-11 сынып оқушылары арасында «Тілім менің ғасырлардан аманат» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ортаға тасталған сұрақтар шеңберінде өз ойларын тайсалмай ортаға сала білді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жастар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте отырып, жас ұрпақтың рухани сана сезімін ояту, олардың бойында ана тілге деген асаси сезім қалыптастыру. Аталмыш іс-шара өз дәрежесінде көңілге қонымды өте жақсы ынтымақтастық ортада еркін пікір қалыптаса отырып өтті. Жас буын құнды-құнды пікірлер айтып, өз ойларын ортаға тартынбай сала білді. Жастардың осындай озық ойлы азамат ретінде қалыптасқан тұлға боп келе жатқандары көңіл қуантады. Тілдер күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл іс-шараға мектеп басшысы Кашкимбаев К.Н мен оқу ісінің меңгерушісі Жакина Р.Т. бастаған бір топ мұғалімдер қатынасты. Іс-шараны ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Тоқтыбаева Г.Р және Қазымбек И.Қ.

Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст