САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» - білім бәйгесі

28.11.2017

«Жарқын болашақ» - білім бәйгесі 

 

Сапалы сөзді сары алтындай бағалап, сөз қадірін білетін шығармашыл және ізденімпаз оқушылар үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымыздағы №8 орта мектеп шаңырағында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, дәстүрлі «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы болып өтті. Аталмыш  білім бәйгесіне түсіп, бақ сынайтын үміткерлер: «Сөз шеберлері», «Тілші–әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Әнші бұлбұлдар», «Жазушылар» номинациялары бойынша бақ сынасты. Болашағымыздың жарқын болып, тілімізді дәріптеу мақсатында өткізілетін осынау сайысқа ауданымыздың барлық мектептері өздерінің үкілеген үміттерін жіберді. Сайыс алаңында барлығы

жетпіске тарта оқушы бақ сынады. Білім додасының алаңында бақ сынасқан сайыскерлер өздеріне тән шеберлікпен жиналғандардың ықыласына бөленді. Сайыскерлердің ішінде от тіліді, орақ ауызды сөз шеберлері де, таңдайынан бал тамған әншілер де, өз уақытын ізденіске арнаған жас ғалымдар да бой көтерді.  Олимпиада барысында  өнерпаздар мен тіл жанашырлары, қазақ сөзін сүйер дүлдүлдерімізге әділ бағасын беріп, сайыскерлердің білімдерін, өнерлерін, тіл байлығын сарапқа салатын қазылар алқасы сайыскерлерімізге өздерінің  әділ-бағаларын берді. Сайыс соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна және аудандық білім бөлімінің әдіскері, сайыстың ұйымдастырушысы Ашимова Бибигуль Толеубаевна сайыс нәтижесімен таныстырып, алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттау рәсімін жүргізді. Сайыс нәтижесі бойынша, біздің №8 орта мектептің  оқушылары Қайырбек Саят, Жақсыбаев Еркебұлан, Азатова Альбина, Альжанова Анель жүлделі орындарға ие болды.

                                                       

№8 орта мектебінің мұғалімі

 Қазымбек И.Қ.

 

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст