САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»

04.12.2017

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау. Қазақсанның болашағы – жастардың қолында.

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау  рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.  Салтанатты жиынға  мектеп директоры, сынып жетекшілер, оқу ісінің меңгерушісі және ата-аналар қатысты. Салтанатты жиын  мектеп тәлімгері Шахметова Балеркенің ұйымдастыруымен өтті. Жиынды мектебіміздің би тобы (жетекшісі Лосева Татьяна Николаевна)  «Астана»  биімен ашып жалғасын  жүргізушілеріміз  (4 «А» сынып оқушысы)   Оспанова Асылай  мен (5 «А» сынып оқушысы) Сериков Ерасыл жалғастырды, жиында Жас Ұлан ұйымының туы шығарылып, ұйымның әнұраны орындалды. Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымына  мектебіміздің ең үздік оқушылары қабылданды, Жас Қыран қатарына ;

1.     Төлеу Мақсат, 2 сынып оқушысы – сыныпта

белсенді, оқуда үздік, «Ақбота», «Пони» интелектуальды ойындарының белсенді

қатысушысы.

2.     Нағашыбай Ботагөз, 3 «А» сынып оқушысы – Олимиадалардың

жеңілпазы, сыныпта және мектепшілік іс-шаралардың белсенді қатысушысы.

3.     Бекасыл Иффатбанугуль,Үздік.Аудандық «Білімге жол» марафонының пән бойынша 1,2,3 орын иегері

Жас Ұлан қатарына;

1.     Шері Құралай, 

8 «А» сынып оқушысы– мектепшілік, аудандық іс-шаралардың белсенді

қатысушысы

2.     Абдрахманов Мажит, 6 «А» сынып оқушысы –  ән күй мектебінің тәрбиеленушісі,

Интелектуалды олимпиада жүлдегері.

3.    Асылбек Нурай, 6 «Ә» сынып оқушысы – үздік оқушы, «Арыс» математика орталығынаң тәрбиеленушісі.Қалалық математика олимпиадасының 1 орын иегері. Жас Ұландықтарға галстук және төсбелгілерін табыстау рәсімі мектебіміздің директоры Смагулова Рауза Назымбековнаға және мектебіміздің үздік Жас Ұландары Комбатурова Айжан, Смагулова Аружан,Жуматова Гулсараға берілді.

Жас Ұланға қабылданушы  Төлеу Диас мектеп басшысы алдында ұйымының  антын оқып, Жас Ұландықтар ант берді.Мектеп Басшысы Смагулова Рауза Назымбековна  ұйымға қабылданушыларды құттықтап, әр байқаулармен мектепшілік олимпиядалар жеңілпаздарын жүлделі орындармен марапаттады.

 

 

 

Просмотров: 546


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст