САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптардың онкүндік апталығы бойынша есеп

05.12.2017

Бастауыш сыныптардың онкүндік апталығы бойынша есеп

     «Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебінің 2017- 2018 оқу жылына жоспарланған бастауыш сыныптардың  кезекті онкүндік апталығы бойынша есеп. Апталық  20 қарашадан 30 қарашаға дейінгі аралықта өтті. Тақырыбы: «Болашаққа қадамды бастауыштан бастайық». Жалпы  бастауыш сыныпта 6 мұғалім  жұмыс істейді. Барлығы да бастауыш сынып маманы. Апталықтың бірінші күні 20 қарашада «Апталықтың ашылу салтанаты» өтті. Ашылу салтанатын әдістемелік бірлестіктің жетекшісі  Кемерова Ү.Е  және 3 «Ә» сынып оқушысы Асаубай Шыңғысхан жүргізді. Мұнда әр бастауыш сыныптар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты. Биылғы 1-ші сыныптың жетекшісі  Ескеева Гүлжахан Құсайыновна  «Жаңа бағдарламаға» байланысты ашық сабақ бермеді. Алдағы екінші жарты жылдықта беретінін айтып өтті.  2 «А» сыныпта  Кемерова Үміт Есенаманқызы  Қазақ тілі пәнінен  «Сұраулы сөйлем» тақырыбында 23- қарашада мектепішілік ашық сабақ берді. Ұстаз жаңашыл, қазіргі талапқа сай өткізді.Сабақтың құрылымы өте жүйелі, басталуынан соңына дейін бірқарқынды, дауыс ырғағымен барлық оқушыларды баурап алып, қызықты да тартымды өтті. Жаңа бағдарламаның барлық талаптары орындалды. Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Осы төрт дағдының төртеуі де сабақта қолданылды. Оқушылар да өздеріне жүктелген тапсырмаларды ойдағыдай орындап, белсенділіктерін танытты. Солардың ішінде әсіресе: Төлеу Диас, Шаяхметов Мақсат, Елбекова Назым, Иманали Мухамеджан, Бахытжан Бақдаулет т/б.

Просмотров: 803


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст