САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі «Мектеп жанындағы интернатымен №8 ОМ»КММ білім ордасында желтоқсан айының 4/14 аралығында өтті

21.12.2017

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аудан көлемінде өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі «Мектеп жанындағы интернатымен №8 ОМ»КММ  білім ордасында  желтоқсан айының  4/14 аралығында өтті. Желтоқсанның төрті күні онкүндігіміздің ашылу рәсімі өтілді,мектептің фаесінде арнайы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтетін іс-шараларға белсене қатысып ,жүлделі орындарға ие болған женімпаздарымыздың суреттері мен жұмыстары ілінді.Желтоқсанның 5-і күні  5-11сыныптарда «Ана тілі-сөздің пірі»деген айдармен сынып сағаттар өткізілді.Кейінгі іс –шаралар мектебімізде орналасқан ресурс орталығының жұмыс істеуіне байланысты және аудандық олимпиаданың  өткізілуіне орай  өтілу мерзімі кішкене кейінге шегертілді.Сөйтіп 11 желтоқсанда Тоқтыбаева Г.Р. «Сен Абайды білесің бе?»деген атпен сайыс сабақ өткізді. Сайыс сабаққа мектебіміздің директоры : Смағулова  Рауза Назымбековна,оқу ісінің меңгерушісі :Хабай Маржангүл апай,тәрбие жұмысының орынбасары : Бейсебаева Гүлзада Есилевна қатысты.Сайыс сабақ бес кезеңнен тұрды

1– кезең “Бәйге”

II – кезең “Ойлан тап”

III – кезең “Асылсөзді іздесең...”                              

IV – кезең   «Құпия сөздің құлпын аш» 

 V – кезең “Сен

Абайды білесің бе?”

VI – кезең  «Өнерлінің өзегі талмас» Сабақ соңында женімпаз шәкірттер марапатталып ,көпшілік қошеметіне бөленді.

Желтоқсан айының 12 күні «Сөз топтары» деген тақырыпта 6 «а»сыныпта Қазымбек И.Қ  ашық сабақ өткізді.Сабақ

мұғалім деңгейіне сай қызықты үлкен  дәрежеде өтті. Желтоқсан айының 13 күні 10-11сынып оқушылары арасында «Тіл ахуалы»деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді,негізгі жауапты ұстаздар қазақ тілі пәнәңің мұғалімдері болды.Дөңгелек үстелде көтерілген  мәселе латын алфавитне көшу еді.Екі сыныптың оқушылары екі  ұстанымды дәлелдеуге тырысты.Яғни,10-сынып оқушылары  латын алфавитіне көшудің қиын жақтарын айтып даттаса,11-сынып оқушылары оның жағымды да,тиімді жақтарына мысал келтіріп мақтауды жөн көрді.Өте қызықты өтті Онкүндігімізді тәмамдаған іс-шара мектебімізде жыл сайын өтетін Мұқағали Мақатаев ағымыздың шығармашылығына арналға әдеби кеш .Әдеби кешке қатысқан оқушылар санына қарап та ақын шығыармашылығына деген түлектеріміздің қызығушылығының зор екендігін байқауға болады. Әдеби –сазды  кешке 28 оқушы қатысты.Өте қызықты өтті.

Мұқағали Мақатаев

ағымыздың шығармашылығына арналға әдеби кеш .

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтетін іс-шараларға белсене қатысып , жүлделі орындарға ие болған женімпаздарымыздың суреттері мен жұмыстары ілінген бұрыштан көрініс.

«Тіл ахуалы» атты дөңгелек үстелден көрініс.

«Сен Абайды білесің бе?» сайыс сабағынан көрініс.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст