САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Атбасар қаласының №8 ЖОББМ-тің 10 сынып оқушысы Амангельді Аминанің жетістігі

02.06.2022

Мен, Амангельді Амина , Ақмола облысы Атбасар қаласының №8 ЖОББМ-тің 10 сынып оқушысымын. Биыл , орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатыстым. Олимпиада тапсырмалары қиын болғанымен, жүлделі орын алуға, мектебімнің атын шығаруға бар күшім мен білімімді салдым.Олимпиада қорытындысы бойынша, жүлделі 3 орынға ие болдым. Республикалық олимпиадаға қатысу маған өз білімімді көрсетуге, тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, балалар жылы аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың дарынды оқушылармен кездесуіне қатыстым. Кездесу «Сұңқар» сауықтыру кешенінде өтті. Республикалық олимпиада жүлдегері ретінде 50 000 теңгелік ақшалай сертификатқа ие болдым. 1 маусым , яғни Балаларды қорғау күніне орай , бізге спорт залы , бассейн және түрлі психологиялық тренингтер ұсынылды. Өткізілген іс-шарадан мен керемет әсер алдым. Осы сәтті пайдалана отырып, мен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке, Ақмола облысының әкіміне, Білім басқармасына , аудан білім бөлімінің басшысына, мектебіме алғысымды білдіремін.

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст