САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тірек орталығы жұмысы

21.02.2019

Ақпан айының 4жұлдызында бастаған ресурс орталығының жұмысы 15 ақпанда мәресіне жетті. Магниттік мектептен осы сессияда барлығы 42оқушы қатысты. Есенгелді орта мектебінен   14  оқушы

                                  Сепе орта мектебінен           20 оқушы

                                  Адыр негізгі мектебінен       8 оқушы келді.

Сабақ кестесі алдын-ала мектеп директорымен бекітіліп, білім бөлім басшысымен келісілген.Қаламыздың №2,№3,№5,№7 мектептерінің білікті ұстаздары сабақ берді. Сессия басталмас бұрын эдвайзер Хабай Маржангүл пән мұғалімдерінің басын қосып, дөңгелек үстел өткізілді. Сессия мақсаты, жұмысымен таныстырды.Сабақтан бос уақыттарында кәсіби бағдар беру мақсатында өндіріс орындары мен сауықтыру кешендері, музейлерге саяхат жасады, тренинглер өткізді. Пән мұғалімдері алдымен кіру тесті алды.Сабақтарын түрлендіре өткізе отырып соңғы сабақтарда шығу тестісін алып мониторинг жасады.Қазақ тілді оқыту сыныптарында 11 – сыныпта  үш оқушы, 10 – сыныпта  төрт оқушы, 9 – сыныпта төрт  оқушы оқыды. 11 – сынып  оқушыларымен «Нақты сөзге дайындық», «Күнделікті сөзге дайындық», «Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы» тақырыптары, 10 – сынып  оқушыларымен «Тілдік норма және стиль», «Тіліміздегі жаңа қолданыстар», «Сөз саптау және сөз сапасы», «Сөз дұрыстығы» тақырыптары, ал  9 – сыныптарда «Сөйлем ішіне қойлтын тыныс белгілер», «Бірыңғай мүшеге байланысты қойылатын үтір», «Одағайға байланысты қойылатын үтір», «Құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір» тақырыптарымен қоса, жеке жұмыстар, тест тапсырмалары аталмыш тақырыптарға байланысты бірнеше тізбектелген тапсырмалар орындалып, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасалды. Өткен тақырыптар бойынша қорытынды тапсырмалар орындатылып, бағалар қойылды. Оқушылардың пәнге деген  қызығушылықтары, тапсырмаларды орындауға белсенділіктері өз дәрежелеріне сай. Кіру және шығу тест сұрақтарына жауаптар алынды. Тапсырмалар оқушылардың орындауына аса көп  қиындық тудырған жоқ, дегенмен, дайындық. Барлық тақырыптар стандартқа сай, оқушылардың жасерекшеліктеріне сәйкес келетін болғандықтан, қай тапсырманы орындауда да өз дәрежелерінде орындап, осы уақытқа дейінгі алып келе жатқан бағаларын   ақтап шықты.

  

 

 

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст