САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің жазғы алаңқайы өз жұмысын жалғастыруда

03.07.2021

 "Алтын күн" алаңқайы өз жұмысын жалғастыруда.
Жоспар бойынша,демалушылармен астанамыз" Нұр-сұлтан "қаласының мерей тойы қарсаңында " Бейбітшілік пен жақсылық қаласы" тақырыбында туристік квест ойыны ойнатылды .
Бас қаламыздың көрнекті жерлеріне саяхаттадық. Сонымен қатар, "Шебер қолдар-әсемдік әлемінде" атты фотоколлаж жасады. Қимылды да қызықты ойындар ойнап , бүгінгі күнді көтеріңкі көңіл күй мен өткіздік.

8 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жазғы алаңқай" өз жұмысын жоспар бойынша жалғастыруда. Бұл күнгі жоспарымызда елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған туралы айтылды.
Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым ғой! Күні кешеге дей­ін әр үйдің төрінде ілулі тұра­тын ұлттық аспабымыздың күм­бірлеген үні бүгінде алыстап бара жат­қандай еді. Телеарналардан домбыраның дауысын есту мұңға айналғаны былай тұрсын (оның орнын салмақсыз бағдар­ла­малардың жаулап алғаны шын­дық), шілдехана, бесік тойы, тұ­сау­­кесер, тілашар, беташарла­ры­мыз даңғырлаған эстарада әуеніне байланбады ма? Домбырамен әуелете шырқалып, тиесілі сыйлық иесін табатын «Той­бастар» дәстүрінің түр-си­па­ты мүлде өзгергеніне бәріміз куәміз.
Осы орайда демалушыларға мәлімет беріліп, " Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра " тақырыбында дөңгелек үстел болды. Балалар өз өнерін ортаға салды. Көңілді әр түрлі ойындар ойналып, балалар көңілді күнді өткізді. "Мен дәрігер боламын" , "Кім жылдам"- ойыны т.б.
Тәрбиешілер: Абдрахманов А.С.
Тилеген А.

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст