Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9 а,ә,б сыныптарында,әр түрлі уақытта, негізгі мектепті бітіру салтанатты соңғы қоңырау іс-шарасы өткізілді.Жиынға мектеп бітіруші оқушылар, ұстаздар қатысты. Алғаш сөз алған мектеп директоры Р.Смагулова ұстаздарды және оқушыларды 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оқу жылының қиындықтарымен жетістіктері туралы атап өтті және оқушыларға алдағы емтихандарға сәттілік тіледі.