Текст
05.04. 2021 ж. ата-аналар жиналысы өтті, онда ҰБТ-ның сынақ нәтижелері талқыланды. 25 наурызда №8 жалпы орта білім беретін мектептің түлектері ҰБТ-ны жаңа форматта, компьютерде тапсырды. Математикалық сауаттылық пен Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырмаларының саны азайды, мамандандырылған пәндер бойынша тапсырмалар көлемі өсті, соған ата-аналар және оқушылар риза болды. Сондай-ақ, гранттар байқауына қатысуға екі мүмкіндік беріледі және тестілеу күнін түлектер өздері таңдайды. Біз оқушылардың дайындығын, пәндер бойынша кеңестерге міндетті түрде қатысуын және ата-аналардың бақылауы туралы айттық.