Текст
2021 жылғы 1.04-2.04 күндері "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының тренері Нугербаев Толеген Какимовичтің ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында Республикалық онлайн-вебинар өтті. Вебинарға республиканың мектеп әкімшіліктері мен мұғалімдері қатысты.
Онлайн-вебинар барысында педагогтерге "функционалдық сауаттылық","оқушылардың оқу сауаттылығы" ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру , функционалдық сауаттылықты дамыту үшін педагогикалық әдіс-тәсілдерді түсініп, оқу мен оқытуда қолдану міндеттері қойылды.