САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып мұғалімі Хабай Маржангүл

19.03.2021

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – кез келген адамға бұйыра бермейтін бақ. Жан жылуын, бар білімін оқушының бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге оқып-тоқыған азамат болып аттануына зор үлес қосатын мейірбан жүректі ұстаздарымыздың бірі  ол Атбасар қаласындағы  №8 орта білім беретін мектептін бастауыш сынып мұғалімі және көп жылдар бойы оқу ісінің меңгерушісінің міндетін атқарған,қазіргі таңда мектебіміздің кәсіподақ ұжымының басшысы – Хабай Маржангүл. Х.Маржангүл 1970 жылы 29 қаңтарда Моңғолия елінде Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Ұланбатыр қаласыдағы «Мұғалімдер даярлайтын педагогикалық техникумды »,2006 жылы «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Көкшетау университетің  үздік аяқтаған. Қазақ, орыс,моңғыл тілдерін еркін меңгерген.

Х.Маржангүлдің әр ісінен шығармашылықты, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздықты көре аласың. Өзінің әдістемелік шеберлігін шыңдап, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізуде өзіндік жүйе қалыптастырған ұстаз .Ұстаз еңбегінің таразысы – оның оқушыларының білімі.  Х.Маржангүлден дәріс алған оқушылар облыстық, қалалық, білім додаларында шыңнан көрінуде. Ал енді кәсіподақ басшылық жұмысында аудандық кәсіподақ актив жұмысына белсене ат салысады. Оның нәтижелі жұмысы кәсіподақ ұйымының уақыт желісімен қалмай ,алдыңғы лекте болуына ықпал етеді.Жастардың кәсіби біліктіліктерінің артуына көмек көрсетеді.Жас отбасыларының , ұжымның демалысын өткізу істерінде де аянып қалмайды. Небір шешілуі күрделенген мәселелер туралы да оған айтуға болады  және ол қандай мәселе болмасын шешеді.     
   

Абайдың: “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”, – деген өлең жолдары ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!


Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстазымыз  Хабай Маржангүлге алғысымыз шексіз.

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст