Ескеева Гүлжахан Кусаиновна - 1960 жылы 13 қазанда Ақмола облысы, Қима ауданы,Тайпақ ауылында туған.
1977-1980 жылдар Қима ауданы «Дала таңы» газетінің редакциясы,секретарь.
1980-1983 жылдар Арқалық педагогикалық училищесі,бастауыш сынып мұғалімі.
1983-1998 жылдар Тайпақ негізгі мектебі, бастауыш сынып мұғалімі.
1998-2008 жылдар Тайпақ негізгі мектебі, мектеп директоры.
2001-2005 жылдар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, қазақ тілі мен әдебиеті факультеті.
2008-2020 жылдар Атбасар қаласының мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі.
2020 жылдың қазан айынан зейнеткерлік демалыста.
Гүлжахан Кусаиновна еңбек жолын бірнеше қырдан асса да, ізденуден талмай, қазіргі заман ағымына ілесе жұмыс жасаған ұстаз., Өзі еңбек еткен жылдар ішінде талай шәкірттің қанатын қомдаған.Ол кісі өз ісінің хас шебері, от тілді, орақ ауызды, он саусағынан өнер тамған, сөз қадірін – өз қадірім деп білетін білікті, жаңашылыққа жаны құмар, кез келген жаңашылдықты еркін қабылдап, жұмыс барысында шәкірттерімен үнемі пікір алмасып, олардың алдағы күніне өте зор алаңдаушылық танытып, әр сабағын қызыққа толтырып, түрлендіріп отыратын ұстаз. Заман ағымынан қалмай жаңартылған білім мазмұны мен АКТ-ның да тілін лезде меңгеріп алып, жас мамандармен иық тіресе жұмыс жасағанды жақсы көреді. Сонымен қатар Гульжахан Кусаиновна мектебіміздегі кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қоғамдық жұмысты атқарды. Мінезі ашық, жаңашыр, еңбекқор ұстаз, мейірімді ана, асыл әже, сенімді дос.