САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ЕР-ТӨСТІК" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ЕР - ТӨСТІК" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОНА

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тарихы

«Мектеп жанындағы интернатымен №8ОМ»КММ алғаш 1952 жылы 620 орындықпен  №3темір жол мектебі болып ашылған . Осы уақыттар аралғында аталмыш білім ордасында Ахметалиев Жанабек Ахметалиевич, Саушкин Борис Михайлович,Кострикин Павел Никитович,Степаненко Валентина Николаевналар мектеп басшысы қызметін атқарған. Соңынан Итчанова Несыбельды Сейтахметовна директор болып тағайындалды.Бұл кез біздің мектебіміздің нағыз кемелденіп тұрған кезі еді.Мектебіміз жанынан құрылған мектеп интернаты да  өз жұмысын қарқынды түрде жалғастырып келеді.Сондай-ақ мектеп интернатының білім ошағының оқу тәрбие ісіне тигізген ықпалы зор.Мектеп ауданымыздағы ең үздік мектептер қатарында болды.Мектепте қызмет еткен мұғалімдер өз істерінің нағыз майталмандары , хас шеберлері болатын.                          

 

Итчанова Несыбельды Сейтахметовна Кеңес Одағы білім беру ісінің үздігі

Каз ССР білім беру ісінің үздіктері: Панаева Галина Игнатьевна

                                                              Пшенова Бакыт Абдугалиевна

ҚР білім беру ісінің үздіктері:          Файзиева Раиса Равильевна

                                                              Яхина  Эльвира Фардеевна

                                                              Салий Зоя Семеновна

                                                              Гречкина Валентина Николаевна

                                                             Левчук Лидия Николаевна

                                                             Семенова Л.Е.

 

Жоғарыдағы ұстаздарымыздың атақ дәрежелері соның айғағы болса керек.Осы уақыттар ішінде мектебімізде : 2004 жылы -1

                                                                         2005 жылы -2

                                                                         2006 жылы -2

                                                                         2007 жылы- 2

                                                                         2009 жылы -1

                                                                         2011 жылы -1 «Алтын белгі» иегерлері түлеп ұшты.

 

Мектеп оқушылары өз білімдерін кез-келген жерде дәлелдеп,өздерінің қабілет- қарымдарының арқасында талай белестерді бағындырды. Кеңес Одағы білім беру ісінің үздігі , мектебіміздің аға ұстазы Итчанова Несыбельды Сейтахметовнаның басшылығынан кейін бұл жауапты іске Омаров Жанат Файзидинович және Исасеитов Нурлан Бакытовичтер келіп, өздеріне жүктелген осынау істі абыроймен атқара білді.Ал бүгінгі таңда мектебіміз бірыңғай қазақ сыныптарын оқытуда. Мектебімізде Кеңес Одағының батыры Ақан Қурманов атындағы мектеп мұражайы ашылды.Сонымен қатар 30 балаға арналған шағын орталық өз жұмысын жалғастыруда. Мектептегі түрлі үйірмелерде балалар өздеріне ұнаған істерімен айналысады.Атап айтсақ, би мен домбыраға әуес оқушылар өз қызығушылықтарын осы үйірмеде шыңдай түсуде. Биылғы оқу жылында мектеп басшысы Кашкимбаев Кенжегали Нуркейұлы мектептің оқу- тәрбие ісінің жандана түсуі жолында одан әрі қызметін жалғастырмақ.

Жаңартылған күні: 24.02.2021 21:38
Құрылған күні: 14.04.2021 10:49

Текст