"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітапханашы

Кітапханашы – мәртебелі мамандық

«Кітапханашы ақыл - білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашылар ешқашан жоғалмауы тиісті сол асыл қазынаның сақшылары деп санаймын» Әбіш Кекілбаев.


Өмірде жүрек қалауымен таңдаған мамандығын ғұмыр бойы сүйіп, бар ынтасымен қызмет ететін жандардың бірі - біздің кітапханашымыз Кабатова Алия Ибрагимовна. Өмір жолына келсек, ол 1960 жылы 20 қазанда Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Қаражар ауылында дүниеге келген. Көп балалы, үлгілі отбасынан шыққан. Кітапханашы мамандығына жастайынан қызыққан...
 

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап, Атбасар қаласының  №8 орта мектебінде кітапханашы қызметін атқарып келеді. Алия апай кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағымен қатар, көңіл шуағын да шашып, мейірімді жүздерімен өзіне бірден баурап алады. Жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударып, іс-шаралар өткізіп, жастарға тәлім-тәрбие мен білім беріп келеді. Әріптестердің арасында сыйлы, кез келген уақытта жас маманнан  тәжірибелі мұғалімдерге дейін барлығына көмек қолын созуға дайын кеңпейіл кісі. Осындай инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет. Егеменді еліміздің болашағы жастардың мәдениеті танымның қабілетін қалыптастыратын ортаның бірі – кітапхана. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген осынау абыройлы мамандық иесі атанған Алия Ибрагимовна үнемі ізденіс үстінде. Расында да кітапханашы мамандығы  - білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалайтын жауапты мамандық. 

Сондықтан оның үнемі ізденіс үстінде жүруі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер ететіні ақиқат. Алия апай қажырлы еңбегінің арқасында аудан әкімінің алғыс хаттарымен, білім бөлімінің мадақтамаларымен және құрмет грамотасымен марапатталды. Бүгінде 3 баласы мен 5 немересін тәрбиелеп, үлгілі отбасы отанасы Алия Ибрагимовна – осынау парасатты мамандықты дәріптеп, жастарға, үлгі көрсете білген жан.

Құрметті Кабатова Алия Ибрагимовна! Сізді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыңыз бен өзіңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнуiңiзге шын жүректен тілектеспін.

№8 жалпы орта білім беретін 
мектебінің әлеуметтік-педагогы
Баянова Камшат Кайыржановна

Жаңартылған күні: 09.03.2021 11:04
Құрылған күні: 09.03.2021 11:09

Текст