Текст
22.02.2021
Бүгін 22 ақпан күні ZOOM қосымшасы арқылы Атбасар қаласының #8 жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың ашылуында пән мұғалімдері Коныбаева Шолпан Аманбековна мен Абдуллина Дана Муратбековна апталық жоспарымен таныстырды. Мектеп директоры Смагулова Рауза Назымбековна құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар ағылшын тіліндегі өлеңдерді оқып, әндерді орындады.
19.02.2021
Мектебіміздің 9сынып оқушылары Нияра мен Қарақат әдеби кітап оқығанды ұнатады."Кітап-менің өмірім" акциясы жалғасуда.
17.02.2021
IT үйірме 5-6 сыныптарға ZOOM арқылы өткізіледі
Біздің мектепте IT үйірмесі 5-6 сыныптарға ZOOM арқылы өткізіледі. IT - ақпарат технологиясы ( ағылш. information technology) Информатика пәнімен ұқсас болғанымен, айырмашылығы өзектілігінде мен шығармашылықта. IT үйірме балалардың ойлау қабылетін дамытады.
Бұл үйірмеде оқушылар...
11.02.2021
Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуда. Осыған орай мектебіміздің кітапханашысы А. Кабатова "Ауғанстан -жүректегі жара" атты тақырыптық сөре жасады.
11.02.2021
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таженов Совет Мухамеджанович - көптеген жылдар бойы біздің мектебіміздің оқушыларын патриоттық тәрбиеге дамытқан ұстаз. 1983-1985 жылдары Ауғанстанда әскери міндетін атқарған жауынгер- интернационалист. Қазіргі таңда денсаулығына байланысты демалыста. Дайындаған кітапханашы А. Кабатова
08.02.2021
Атбасар қаласының №8 жалпы орта мектебінде 8 ақпаннан Ресурс орталығының 2 сессиясы өз жұмысын қашықтық түрде бастады. Онда Сепе, Адыр, Есенгелді магниттік мектептердің 9-11 сынып оқушылары Zoom платформасымен дәріс алуда.
07.02.2021
"Мектеп жанындағы интертанымен №8ОМ" КММ-нің шағын орталығында балалармен "Жануарлар әлеміне саяхат" тақырыбында сабақ өткізілді.. Шағын орталық тәрбиешісі: Г.Мусина.
01.02.2021
"Мектеп жанындағы интертанымен №8ОМ" КММ-нің шағын орталығы. "Қыс қызығы"
01.02.2021
Психолог Мулдахметова Г.Н іс-шаралар жоспарымен таныстырды
01.02-05.02 күндері аралығында психология апталығы басталды. Бүгін салтанатты ашылуы ZOOM конференциясы арқылы өтті. Психолог Мулдахметова Г.Н іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
28.01.2021
"Балдәурен” Республикалық оқу-сауықтыру орталығында болған оқушылардың пікірлері
“Балдәурен” Республикалық оқу-сауықтыру орталығы - балалар арманының аралы екені белгілі.”Балдәурен” адамның бойында көшбасшылық және патриотизм сияқты қасиеттерді дамытады. Оқудан басқа көптеген концерттер, ойындар және жасақтар арасында жарыстар болды....