Текст
20.12.2020
"Мектеп жанындағы интернатымен №8орта мектебі"КММ Тулебаева А.Ш 9 "Ә" сыныбында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Тәуелсіздік- таңның нұры"тақырыбында сынып сағатын өткізді
15.12.2020
Дәріс "Тәуелсіздік жолында" 8а сыныпта өтті, мұғалімі Немеренко З.Б. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
15.12.2020
«Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ-нің тәлімгері Бақытжан Нұрзиля Елжасқызы "Ақмола облысында балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту орталығын ұйымдастыру" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілген Ақмола облысының мектеп оқушыларына арналған балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту бойынша онлайн семинар-тренингті өтіп сертификатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
15.12.2020
"Жас Ұлан" ББЖҰ-да өткен салтанатты іс-шарада, «Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ-нің Ұланбасы Кадырбекова Дильназ аудандық "U"zdik Ulanbasy-2020" қашықтық-сайысына қатысып "Шығармашылық тәсіл" номинациясы бойынша дипломмен және ұланбасы куәлігімен марапатталды. Жетекшісі: Бақытжан Н.Е. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
15.12.2020
«Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ-нің көшбасшысы, мектеп еріктісі Ғазиз Айдана аудандық "Үздік ерікті-2020" қашықтық-сайысына қатысып "Белсенді азаматтық ұстаным" және "Волонтёрлік қызметті насихаттауға қосқан үлесі үшін" номинациялары бойынша марапатталды. Құттықтаймыз!!!
15.12.2020
"Мектеп жанындағы интернатымен 8ОМ"КММ-нің тәрбие жөніндегі орынбасары Искакова Алмагуль Алибековна фойеде «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» атты көрмені безендірді.
15.12.2020
"Мектеп жанындағы интернатымен 8ОМ"КММ-нің шағын орталықтан Дайрабаева Амина «Тәуелсіздік-ел тұғыры» аудандық қашықтық өлең мәнерлеп айту байқауына қатысты.
15.12.2020
«Мектеп жаныныдағы интернатымен №8ОМ»КММ 4 «А» сынып оқушылары арасында сынып жетекшісі Маржангүл Хабайдың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты сурет сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсенді қатысты.Жаңбырбай Аружан, Кабдеш Аян, Карабаева Тамина , Кәкім Сабиналардың салған суреттері үздік деп танылды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
15.12.2020
14 желтоқсан 11 сынып оқушыларымен Шахметова Балерке "Мен елім туралы не білмеймін" атты Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарасын өткізді. Оқушыларға қазақ елінің бастан кешкен қиындықтары туралы бейне ролик көрсетіліп, Тәуелсіздік туралы сұрақтарға жауап береді. Оқушылар тәуелсіз күніне орай барлығы ҚР туын суретке қойды.
14.12.2020
"Мектеп жанындағы интернатымен 8 ОМ"КММ-де 6 сыныптарда сыныптан тыс өткізген сабақ тақырыбы:"Тәуелсіз елім-Қазақстаным".Сабақтың мақсаты: Отанымыз Қазақстан ,туған ел оның тарихы туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру ,еліне отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.